Тамыз кеңесі тамырын жайды

Арқалықтағы Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның мәжіліс залында өткен тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісіне 500 – ге жақын білім беру қызметкерлері қатысты.
_MG_8489Еліміздің асқақ Әнұранымен ашылған тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын қала әкім Ғ. Бекмұхамедов құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
 ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан  халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында Арқалық қаласы білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесін жетілдіру" тақырыбында қалалық білім бөлімінің басшысы М. Әбу баяндама жасады.
 ҚР білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің Назарбаев зияткерлік мектебінде білімін жетілдіру кезінде үздіктер қатарынан көрінген жалпы орта білім беретін №4 мектеп директоры Н. Садуов "Назарбаев зияткерлік мектебі" дербес білім беру ұйымының озық тәжірибелерін ескере отырып, оқу үрдісінде заманауи технологиялар мен әдістерін енгізу жайында сөз алды.
 Тамырын тереңге жайған тамыз кеңесінде өзге де білікті ұстаздар жарыссөзге шығып, білім беру мен тәрбие саласының озық тәжірибелерін сөз етті. Ұлағатты ұстаздар қатарын толықтырған жас мұғалімдер ант қабылдады.
 Келелі кеңес соңында әдеттегідей еңбек озаттарын марапаттауға кезек берілді.  Облыстық білім басқармасының грамотасымен Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мұғалімі А. Әбжанов марапатталды. Сондай – ақ бірқатар ұстаздарға қала әкімінің грамоталары табыс етілді.
 Қала және ауыл мектеп оқушыларының жазғы "Дәрмен" және қысқы "Жұлдыз" спартакиадаларының жеңімпаз және жүлдегер мектептеріне спорттық құрал -жабдықтардың сертификаттары тапсырылды.
                                                                                                               
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓