Қарасу аудандық №2 сотында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында азаматтардың еңбек өтілін анықтау және қарызды өндіріп алу іспеттә мәселелер қаралды. Сонымен қатар, ҚР "Медиация туралы" Заңының, гендерлік саясат нормалары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме басшылығы ашық есік күнін тоқсан сайын өткізбек ниетте.