Жолдар жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің 8 өңірінде автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖол» РМК-ға сілтеме жасап.
6 наурыз сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысы мен СҚО-да жолдардың жабылуына байланысты барлық көлік түрлері үшін келесі автожолдарда қозғалысқа тыйым салынды: «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (108-232 шақырым, Әулиекөл кенті-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» (377-340 шақырым, Ақмола облысының шекарасы-Арқалық қаласы-Қарағанды облысының шекарасы), «Мамлютка-Қостанай» (180-243 шақырым, Ұзынкөл кенті-СҚО шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» (678-729 шақырым, Сарыкөл кенті-СҚО шекарасы).
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓