Әулиеге кесене салынды
Жангелдин ауданында Тілеп Әулие кесенесінің құрылысы аяқталды. Бұл туралы "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында жазылды.Әулие бейіті жатқан жерге кесене орнату жұмысына 10 млн теңге жұмсалған. Демеуші – «Тілеп» қоғамдық қоры, жетекшісі – белгілі меценат Сапар Ысқақов.
Тілеп Аспантайұлы (1757-1820) Торғай даласында дүниеге келген. Ол 13 жасынан қобызда ойнай бастаған. Әйгілі Қойлыбайдың шәкірті болды. Қазақтың музыка өнерінің дамуына зор үлес қосты. Бізге дейін автордың бар болғаны 3 күйі ғана жетті, олар музыкалық мұраның алтын қорына енген. Халық арасында Тілеп Аспантайұлы емші, көріпкел ретінде де танымал болды. Адамдарды түрлі аурудан емдеген қасиетті қара қобыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.