Облыс әкімімен шахмат ойнады

      Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов А.Уфимцев есімін иеленеген шахмат клубына барды. Өңір басшысын Қостанайдағы дарынды балаларға арналған  «Озат» мектебінің оқушысы Даяна Әбілова шақырыпты. А.Мұхамбетов жас шахматшының өтінішін аяқсыз қалдырған жоқ.IMG_1686
     Шахмат клубының бай тарихымен және бүгінгі таңдағы атқарылып жатқан жұмысымен етене танысқан әкім  өз кезегінде клубқа бұдан былайғы уақытта да қолдау көрсетілетіндігін айтты.
       -Мұнда халықаралық,республикалық турнирлерді жиі өткізіп тұру керек. Мықты  шахматшылаларды шақыру қажет. Сол арқылы жастар тәжірбие жинақтайды,-деді облыс әкімі. Ол клуб түлегі Хантемір Әбішевпен блиц-ойын өткізді. Жас шахматшы қаладағы №24 «а» мектебінің 3 сынып оқушысы.IMG_1696
      
IMG_1724  Уфимцев мектебінің түлектері облыс әкіміне қостанайлық шахматшылардың энцоклопедиясын сыйлыққа ұсынды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓