Такси қызметіне талап көп

Қостанайда ресейлік нөмірлі автомобильмен жолаушы тасымалдаған таксишілер бар. Қазақстандық нөмірі жоқ, есепке алынбаған көліктерді кәсіпкерлік қызметке пайдалануға бола ма? Редакциямызға хабарласқан оқырмандарымыз осы мәселенің анық-қанығын біліп беруге өтініш білдірген еді.
 
taxi2
Біз жоғарыдағы сауалды Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының БАҚ жөніндегі кеңесшісі Елена Кашаринаға қойған едік. Оның айтуынша, қазақстандық есепке алынбаған машиналардың кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Осы мәселеге қатысты бүгінге дейін облыс орталығында 16 әкімшілік хаттама толтырылған. Бірқатар көліктер айыппұл тұрағына қойылды.
– Ресейлік немесе басқа елдерде есепте тұрған көлікпен адам тасымалдаған жүргізушілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасып жатыр, бұл заңға қайшы, – деген түсінік берді Елена Кашарина.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша тек «Сергек» жүйесінде тұрған көліктер ғана жүре алады. Мұндағы тізімге олар Қостанай қаласы әкімдігінің рұқсаты негізінде кіргізілген.
Қостанайлықтар такси қызметінің қымбаттап кеткені де наразы. Мысалы, осы туралы «Фейсбук» парақшасында қала тұрғыны Мұхтар Нұрқанов жазды.
«Қостанайда «Народное» таксиі бағаны өсіріп жіберген. Карантиннен бұрын Нариман көшесі, 64 мекенжайынан Абай көшесі 322-ші үйге дейін 550 теңге алатын, қазір 850 теңге сұрайды», – дейді ол.
Әлеуметтік желілердегі көпшіліктің пікірінен білгеніміздей, қалада жүріп-тұру рұқсаты бар аталған кәсіп түрімен айналысушылар бағаны әдеттегіден 200-300 теңгеге көтерген. Мұндай шағымдар толассыз көбейіп кеткендіктен, Қостанай әкімдігі қалада такси қызметінің қымбаттауына қатысты монополияға қарсы комитеттің 54-18-97 нөміріне немесе 8-705-424-42-20 шұғыл байланыс телефондарына хабарласуды сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓