2 үй карантинге жабылды

WhatsApp Image 2020-04-22 at 21.44.49
Қостанай қаласында көпқабатты екі тұрғын үй карантинге жабылды. Мұндай шешім сол үйлердің біріндегі 37 жасар әйелден COVID-19 инфекциясының анықталуымен байланысты. Бұл жөнінде өңірлік жедел штаб хабарлайды. Карантин мерзімі 22 сәуір сағат 20.00-ден бастап 14 тәулікке созылады.
«Нариманов көшесі 71 мекенжайындағы үйдің 72 пәтерлі екі подъезі түгел жабылды және Л.Беда көшесі 44 мекенжайындағы 45 пәтерлі бір подъезі жабылды. Қоршауға алынған баспаналарда 300-ге жуық тұрғын бар. Науқас әйел екі үйдің бірінде тұрады, ал екінші үйде оның ата-анасы тұрады және ол қарттарға тұрақты түрде қонаққа барып отырған. Сол себепті, екінші үйді де карантинге алу туралы шешім қабылданды. Подъездер алдына турникеттер орнатылып, қоқыс контейнерлері қойылды. Аумақ ішкі істер органдары қызметкерлерінің кезекшілік бақылауына алынды. Л.Беда көшесі аумағында екі кезекпен полициның 5 қызметкері, Нариманов көшесі аумағында 7 тәртіп сақшысы күзетшілік атқарады. Тұрғындарға ас-су жеткізу қарастырылған әрі туыстары да азық-түлік, керек-жарақ жеткізе алады», – делінген хабарламада.
WhatsApp Image 2020-04-22 at 21.44.50

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓