Жұқтырған – 24 адам

21 ақпанда Қостанай облысында коронавирус 24 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. –7, Рудный қ. – 5, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Мендықара және Федоров аудандарында – 2, Б.Майлин және Ұзынкөл аудандарында 1 адамнан. 
20 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 4 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. Індет жұқтырғандардың ішінде 22 адамда ауру белгілері болды, 2 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 21 ақпан аралығында COVID-19-ды 53 046 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 51 547.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 356 768 адам, екінші компонентпен 340 445 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓