ТАКСИЛЕРДІҢ ТӘБЕТІ КҮШТІ

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов такси қызметіне қатысты осындай пікір білдірді. Аймақ басшысының қынжылуына такси операторларының қозғалысқа рұқсат алу кезінде жалған ақпарат беруі себеп болған. Атап айтқанда, қалалық такси операторларының бірі штабтың қарауына мыңға жуық автокөлік берген. Мониторинг барысында штабқа ұсынылған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталған. Осыған орай, штаб өтінімдерді қабылдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған.

әкім такси

Жалпы, облыс бойынша өз қызметін тоқтатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын жүйелеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Осы уақытқа дейін  Қостанай қалалық штабы көлік құралдарының қызметі мен қозғалысын сақтау туралы 18 мыңнан астам өтінішті қабылдаған, оның ішінде 15,3 мың өтініш қаралды, 6,4 мың өтініш мақұлданды. Полиция департаменті «Сергек» базасына 14 мыңнан астам автокөлік құралдарын енгізді.

 Жиын барысында облыстағы ағымдағы жағдай талқыланып, облыс әкімінің орынбасары М.Жүндібаев пен Қостанай қаласының әкімі Қ.Ахметов және Арқалық қаласының әкімі  К.Әбішевтің баяндамалары тыңдалды.

Жітіқара ауданында қатаң карантин жағдайлары жұмыс жасауда және сақталуда. Сондай-ақ ауданда КВИ таралуына жол бермеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Комиссия КВИ-ді анықтау, ауруханаға жатқызу, елді мекендерді дезинфекциялау, сондай-ақ ауданды азық-түлікпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Жиын барысында өңірдегі COVID-19 қарсы медицина саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз етілді. Бұдан былай ақ халатты абзал жандарға   А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ жанындағы ғылыми-зерттеу институты да қол ұшын бермек. Айтулы институт базасында ПТР әдісімен инфекцияны анықтау зертханасы іске қосылды. Сондай-ақ, КВИ анықтау процесін жеделдету үшін жақын арада облысқа 10 мың тест әкелінеді.

Басқосуда облыс тұрғындарының саяжай учаскелеріне бару мәселесі де қаралды. Бүгінгі күні облыста 54,5 мың саяжай учаскесін біріктірген  48 саяжай серіктестігі бар. Соңғы уақытта өңірде жауын-шашын толастамай тұр. Алдағы күндерде де жаңбыр жаууы ықтимал. Осыған байланысты, бақша мәселесін аптаның соңына қарай қарау туралы шешім қабылданды.

Жиын соңында Архимед Мұхамбетов облыс тұрғындарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға  шақырды. Атқарылып жатқан істердің барлығының да халықтың  денсаулығын қорғауға бағытталғанын атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓