Екпе дертке тосқауыл

Облыс әкімдігінде КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Оның барысында Әулиекөл және Жітіқара аудандарының әкімдері мониторингтік топтардың жұмысын баяндады.
Жалпы, мониторингтік топтар ағымдағы жылдың 1 мамыр мен 13 маусым аралығында 4 745 рейдтік іс-шара өткізді, 154 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.
 Бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 147,5 мың дозасы және екінші компонентінің 122,5 мың дозасы жеткізілді. 13 маусымға барлығы 97 148 адамға вакцина салынса, оның ішінде екінші компоненті 51 154 адам.
Сондай-ақ, бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша "Ashyq" жобасына қатысу үшін 501 өтінім берілген.
– Кәсіпкерлік субъектілерінің өтінім беру қарқынының төмендігін ескере отырып, қала мен аудан әкімдері осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, жеке бақылауға алуы, сондай-ақ халықты вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Естеріңізге сала кетейін, маска режимі сақталады, әсіресе, үй-жайлардың ішінде. Ресей Федерациясында аурудың өсуі байқалады, осыған байланысты қосымша алдын-алу шараларын қабылдау қажет. Құрметті облыс тұрғындары, әрқайсыларыңыздан өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілік көрсетіп, COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан өтуді сұраймын, – деді аймақ басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓