ЗЕРТТЕУГЕ КІРІСТІ
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нiң жанындағы Ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысты. Бұл жайында аймақ басшысы өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
Зертхана молекулалық-генетикалық зерттеулер, азық-түлік өндірісінің сынақ зертханасы, иммунобиологиялық және микробиологиялық зерттеулер жүргізуге негізделген. Қазіргі таңда аталған зертханада жаңа полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу жұмыстары басталды. ПТР-ны зерттеу аясында COVID-19 диагностика жүргізіледі.
Білім ошағының жұмысымен танысқан облыс әкімі жоспарланған зерттеулерге кірісуді, сондай-ақ Институт қызметкерлерінің қауіпсіздігі бойынша шараларды қамтамасыз етуді тапсырғанын айтады.