Жауаптылар жазасыз қалмайды

Кеше кешкісін Қостанай қаласындағы Алтынсарин – Фролов көшелерінің қиылысындағы коллектордың құрылыс жұмыстары барысында  топырақ басып қалып, мерт болған қос бірдей жұмысшы төңірегіндегі ақпарат өңір тұрғындарын ғана емес тұтас  елімізді де алаңдатқан болатын. Осыған байланысты бүгін түстен кейін  қалалық әкімдікте БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиыны өтті. Онда Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяандап, қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.
IMG_4585Оның айтуына қарағанда, аталмыш коллектордың құрылысы осы жылдың мамыр айында басталған. Ал аяқталуы алдағы желтоқсан айына белгіленген екен.  Құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Аяз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас мердігер ретінде белгіленсе, «Балқаш Трубомонтаж»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер ретінде бірлесіп,  жұмыс атқаруда.  Оқиғаға соңғы мекеме жауапты болмақ.
Қазіргі таңда 8 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан үш жұмысшының екеуі қаза тапқаны белгілі. Олар 1977 жылы туған Руслан Төлегенов пен 1979 жылғы Виталий Семенов есімді азаматтар. Соңғысының артында екі бірдей баласы жетім қалды. Жұмысшыларды құтқаруға 10 сағатқа жуық уақыт кеткен. Сондай-ақ, 10 арнайы техника жұмылдырылыпты. 
Айдың –  күннің аманында адам шығынына әкеп соқтырған оқиғаға қатысты арнайы комиссия жан-жақты тексеріс өткізуде. Қорытындысы 10 күн ішінде жарияланып, жазықтылар жауапқа тартылмақ.
Сондай-ақ, оқиға болған жерде төртінші жұмысшыда болыпты. Ол абырой болған дер уақытында шығып үлгеріп , ажалдан аман қалыпты.
 
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓