Жеңіс мерекесі қарсаңында

Алда 9 мамыр мерекесі келе жатыр. Ұлы Жеңіске – 75 жыл! Бірақ осы бір маңызды мереке қоғамдағы келеңсіз оқиғалар мен жаңалықтардың тасасында қалып қойғандай. Әрине, бүгінгі ұрпақ соғыс ардагерлерінің ерен ерлігін ешқашан ұмытпайды.гвоздика
Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Қызыл қалампыр естеліктері» атты жобаны бастады. Жобаның мақсаты ардагер ата-әжелерімізді еке алып, олар жайында суреттер салып, естеліктермен бөлісу. Қан майданда ерлікпен қаза болған отандастарымыздың рухына тағзым жасап, олар жайында көпшілікпен бөлісу. Осылайша біздер сол бір сұрапыл жылдарда жастық шағын елдің тыныштығы үшін сарп еткен сарбаздарды тағы бір еске аламыз.
Ұлы Отан соғысы жылдары туралы естеліктер біздің жадымызда. Мүмкін біреуде сарғайған фотосуреттер,  үшбу хаттар сақталған болар. Әрине, оның бәрі де жанға жара салып, көңілді тербейтіні белгілі. Бірақ бұл біздің ортақ тарихымыз.
Бұл суреттер мен естеліктер adg.kst парақшасына сілтеме көрсетіле отырып, #костанайаджко #победа75лет #красныегвоздикипамяти хештегімен Фейсбук, инстаграм парақшада жариялауға болады. Ең үздік авторлар мереке қарсаңында марапатталады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓