Кітап оқып жүрсіз бе?

Иә, карантин басталғалы барлық жұрттың іші пысты ма, әйтеуір «челленджшіл» болып кетті. Ойға не келсе, соны бір-біріне жолдай беретін күйге де жеттік. Бірақ бұл бастаманың ішінде тәуірі де бар, мысалы кітап оқумен жарысу. Әркім дәл қазір қандай кітап оқып жатқанымен бөлісіп-ақ жатыр. Жақында "Жастар" ҒЗО «Үйде бірге оқимыз!» атты challenge бастады. Марафонның мақсаты – жастар арасында оқу мәдениетін арттыру, отандық және заманауи авторларды танымал ету, сонымен қатар карантин кезінде жастардың уақытын тиімді пайдалану. Бұл марафонның тәртібі де бар.images (1)
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байқауды қазылар алқасы бағалайды.
«Байқауға қатысушылардың бағалау критерийлері де бар. Біз барлық бейнелероликтерді @sanaly_urpaq2050@uvmp.kst@mrtc_kst парақшаларына орналастырғанда, достарыңды лайк қойып, пікір жазып, репост жасауды, және сіздің бейнеролик сақталғаны жөн», – дейді ұйымдастырушы тарап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online әлеуметтік желілерде басталған «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасына қолдау білдіргені белгілі. Тіптен мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында қазіргі уақытта оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімімен де бөлісті. «Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өзгеріске ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқшаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен, осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан, осы карантин күндері ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отандастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Президент.
Қ.Тоқаев карантиндегі алтын уақытты пайдалы істерге жұмсаған жөн екенін атап өтті. «Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн. Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің менің атыма жолдаған эстафетасын қабылдаймын және осы күндері оқып жатқан кітаптар мен газет-журналдардың тізімін ұсынамын» дей келе бұл эстафетаны барша отандастарына, әсіресе, жастарға жолдаған еді.
Шынымен де Сіз кітап оқып жүрсіз бе?

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓