Облыс әкімі журналистермен жүздесті

Облыс әкімі Н.Садуақасов апта   сайынғы аппарат жиналысынан кейін облыстық БАҚ өкілдерімен кездесіп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.
– Кейбір ақпарат құралдарының:"облыс әкімімен жолығу мүмкін емес", – деген рәуіштегі әңгімелерін естіп қаламын. Сондықтан бетпе-бет жүздесуге бел будым. Маған қоятын сауалдарыңыз болса, мен Сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге әзірмін, – деді аймақ басшысы журналистерге.
БАҚ өкілдері облыс басшысына өздерін толғантқан мәсәлелер төңірегінде бірқатар сауалдар жолдады. Оның бәріне Н.Садуақасов асықпай, байыппен жауап берді. Мәселен, тілшілер Қостанайдағы жабылып қалған өндіріс ошақтары туралы өңір басшысының өз ауызынан естіді. "Комсомол құс фабрикасы", бұрынғы Қостанай химия талшықтарын шығаратын комбинат, "Әйкерім" түсқағаз фабрикасының ендігі тағдыры туралы Н.Садуақасов егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ол Қамысты ауданы әкімінің орынбасары Д.Құлмановтың ісі туралы да өз ұстанымын білдірді.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓