Мәлімдемеге қатысты мәлімдеме

kitay2

Бұған дейін Жітіқара ауруханасы көпбейінді хирургиялық бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Руслан Құрахмедов Faсebook әлеуметтік желісінің ҚР тәуелсіз медициналық қауымдастығы парақшасында жаға ұстатарлық мәлімдеме жасаған болатын. Онда 2020 жылғы 14 сәуірде сағат 16.00 шамасында екі емделушіден COVID-19 анықталғанын, өзі мен дәрігерлердің олармен тікелей қарым-қатынаста болғанын жазды. Айтуынша, 15 сәуірде барлық медицина қызметкерлерінен коронавирус сараптамалары алынған.
«18 сәуірде сараптама қорытындылары сол күйі жарияланған жоқ, алайда дәрігерлерден кейін сараптамалары алынған пациенттердің қорытындысы жарияланып қойды. Провизорлық және карантиндік стационарларда медициналық қызметкерлер жетіспей жатыр. Енді біз өзіміздің дәрігер, я болмаса науқас екенімізді білмей далмыз», – деген болатын Р.Құлахмедов.
Жітіқара ауруханасы бөлімшесі меңгерушісі міндетін атқарушысының жариялаған мәлімдемесіне қатысты Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.
«14 сәуір күні Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелді. Жітіқара ауруханасының медициналық қызметкерлері алгоритмдерге қатысты эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар өткізді. Стандарттарға сәйкес, стационарда болған пациенттер және медициналық қызметкерлердің бір бөлігі оқшауға алынды. 15 сәуір күні барлығынан сараптамалар алу жүргізілді. Бұдан басқа, эпидемиологтар Жітіқара қаласы аумағында байланыста болған адамдар тобын анықтаған болатын, олар дәл солай карантинге оқшауландырылды, олардан COVID-19-ға сараптамалар алынған болатын. Коронавирус инфекциясына сараптама Қостанай қаласында, Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы Ұлттық сараптама орталығының зертханасында жүргізіледі. Әдетте, сараптамалар қорытындылары 2 күн ішінде шығарылады және зертханаға жүктеме тәулігіне 200 зерттеулерге дейін құрайтын еді. Денсаулық сақтау министрлігімен 1 сәуірден бастап «Пневмония» және «ЖРВИ» диагноздары қойылған барлық пациенттерді тексеру туралы шешім қабылданған болатын, облыста мұндай пациенттер – шамамен 4 мың.
10 сәуір күні облысқа ПШР әдісімен талдауға 5 мың сынама әкелінді. 15 сәуірден бастап Жітіқара қаласынан зетханаға талдаулар келіп түсумен және Пневмония мен ЖВИ бар пациенттерді тексеруге байланысты зертханаға жүктеме күніне 500 зерттеулерге дейін өсті. Зертхана персоналына тәулік бойы режимде, үш ауысымда, жеке қорғану құралдарында жұмыс істеуге тура келді.  Осыған байланысты сараптама қорытындыларын беру кідіріп қалды.
19 сәуір күні ауруханада карантинде жатқан 94 медициналық қызметкер мен пациенттерден инфекция анықталмады деген қорытынды шықты. талдауларының Барлығы үй карантиніне көшірілді. Медициналық қызметкерлердің бір бөлігі аурухана аумағында 14 күнге карантин режимінде қалдырылды. Барлық іс-шаралар эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритміне сәйкес жүргізілуде. Біздің облыста медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы мұндай жұмыс алғаш рет өткізілген болатын. Медқызметкерлерге осы шектеу қажеттілігі туралы түсіндірілді», – делінген басқарманың хабарламасында. 
Айта кетейік, Қостанай облысындағы коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 дерегі тіркелсе, оның 11-і Жітіқара қаласының тұрғындары.
«Біз Сіздер үшін жұмыста қалдық. Сіздер біз үшін үйде қалыңыздар» деп аяқталыпты басқараманың хабарламасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓