Шаруаларға рұқсат етіледі

Қостанайлық шаруалар  карантинге қарамастан блок-бекеттер арқылы кедергісіз жүріп-тұра алады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов айтып берді. Басқарма басшысы ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін блок-бекеттерде «жасыл дәліз» жұмыс істейтіндігін ескертті. Бұл көктемгі дала жұмыстарын қалыпты өткізуге мүмкіндік бермек.Без названия (2)
– Карантин жағдайында облыста 27 блок-бекет кұмыс істейді. Олар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін осындай қадамға барып отыр,- деді Таукенов. – Ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар блок-бекеттерден кезектен тыс өтетін болады.
Жеңіл көлікпен жүретін ЖШС, ШҚ тәрізді ауылшаруашылық кәсіпорындарының жетекшілеріне, агрономдарға да  рұқсат етіледі. Олар блок-бекеттерден өткенде жүргізуші куәлігін және жұмыс істейтіндігі жөнінде берілген анықтаманы көрсетуге міндетті.
Аумағында блок-бекеттер орналасқан аудандар мен қалалардың әкімдіктері жүріп-тұрушыларға бектерден 200 метр қашықтықта өту тәртібі туралы ақпараттық стендтер орнатады. Шара көктемгі егісті дайындау мен өткізуге жұмылдырылған барлық адамдарды ұстамауға мүмкіндік береді. Әкімдерге тапсырмалар берілді.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓