“Тобыл” “Қайратпен” тең түсті

Алматы қаласында өткен "Тобыл"-"Қайрат" кездесуі тең аяқталды, – деп жазады "Тобыл ФК" ресми сайты.IMG_3562
“Қайрат” бапкері Андрей Карпович алаңға легионерлерін шығарған жоқ. Есесіне, Самат Сәрсенов бастаған шабуылшылар ойын басталысымен Дмитро Непогодовты мазалауға тырысуда.
Қостанайлықтар қарымта шабуылдардың бірінде есеп ашатын мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Алдымен, Азат Нұрғалиев соққысы қорғаушыға тиіп кейін серпілсе, Аслан Дарабаевтың соққысы да қақпаға дарымады. Максим Федин мен Марат Быстров қос қапталда белсенді. Қос команданың жылдам гол соғу мақсаты орындалмады. Ойын алма-кезек шабуылдармен өтіп жатыр. Парагульгов пен Қуаттың тепкен доптары қақпадан биік кетті. Самат Сәрсеновке берілген пасты Непогодов қақшып ұстап алды. 
Артурас Жулпа айып алаңына доп асырған, алайда Қуат оны қарсы бағытқа шығарып жіберді. Алаңға Андрей Аршавин қосылды. Оның шығуымен “Қайрат” тың күш алғандай. Аршавин шабуыл өтінде жүрген Адеринсолаға доп ұсынған. Алайда соңғысына жылдамдық жетпей қалды. 
“Тобыл” айып соққысын орындады. Бауыржан Тұрысбек қақпадан биік тепті. Марек Зуб та шабуылға дем берді. Таңат Нөсербаев Аслан Дарабаевты алмастырды. Соңғы минуттарда ойыншылар жиі тәртіп бұзуда. Сондай сәттердің бірінде Исламбек Қуат қостанайлық шабуылшыға қарсы дөрекі ойнады. Айып добын тағы да Б.Тұрысбек тепті. Тағы да қиыс. Алматы жанкүйерлері Нұрбол Жұмасқалиевті қошеметпен қарсы алды. 
90-минутта Исламхан жеңісті жұлып әкетер ме еді?! Бұл жолы Дмитро Непогодов “Қайрат” капитанының жақын тұстан тепкен добын қайтарды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓