COVID-19 Арқалыққа жетті
Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның тағы 4 жағдайы тіркелді. Олардың 3-і Жітіқарада, 1-і Арқалық қаласында. Бұл туралы өңірлік жедел ақпараттық штаб хабарлайды.
«COVID-19 Жітіқара қаласының тұрғындары 1943 жылы және 1949 жылы туған ерлі-зайыпты зейнеткерлерден анықталды. Сонымен қатар 2017 жылы туған балада коронавирус расталды. Аталған тұлғалар алдында ауырып қалғандардың көршілері болып табылады. Барлық науқастар Жітіқара аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды, тиісті ем-шаралар қабылдауда. COVID-19 ауруының тағы бір фактісі 48 жасар Арқалық қаласының тұрғынынан анықталды. Қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі анықталып жатыр. Сырқат әйел ауруханаға жатқызылды», – делінген ақпараттық хабарламада.
Індет ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізілуде.
Жалпы 18.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясымен 15 адам тіркеліп отыр.
Кимдерр аты жони барма солардын баланын атыты жони ким
Анықтап оқысаңыз: “COVID-19 ауруының тағы бір фактісі 48 жасар Арқалық қаласының тұрғынынан анықталды. Қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі анықталып жатыр. Сырқат әйел ауруханаға жатқызылды», – делінген. Бұл жерде бала туралы еш айтылмаған. Ал ресми органдар толық ақпарат әлі бермей отыр.