Науқастар саны – 142

15 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 142 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 62, Рудный қ. –  14, Қостанай ауданы – 10, Лисаков, Жітіқара қалалары, Сарыкөл және Б.Майлин аудандарында 7 – ден, Әулиекөл және Денисов аудандарында– 6, Арқалық қ. – 5, Алтынсарин және Қарасу аудандарында – 3, Амангелді және Ұзынкөл аудандарында 2 – ден, Мендықара ауданы – 1. 
131 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілді. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 132 адамда ауру белгілері болды, 10 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 15 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 31 775 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 691.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 311 470 адам, екінші компонентпен 271 583 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓