Жол жабылды
Күндіз ауа райы алабұртып желдің шамадан тыс күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар жолдарды жабу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Жезқазған-Петропавл тас жолының Арқалыққа қарай 340-377 шақырымына осындай белгі қойылып, Ақмола облысымен шекаралас аумақ автомобильдің барлық түрлері үшін жабылды деп хабарлайды "Қостанай таңы" ТЖД сілтеме жасап.