Сырқат саны 11-ге жетті
Соңғы тәулікте Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның жаңа 2 жағдайы тіркелді.
COVID-19 –ды жұқтырып алған 1987 жылы туған ер кісі және 1950 ж.т. зейнеткер. Олар бұрын ауырып қалғандармен қатынасқан.
Барлық науқастар ауруханаға жатқызылды. Зертханалық анализдер алынды. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесінде олардың COVID19 жұқтырғаны расталды.
Қазіргі таңда аталған азаматтар қажетті ем алып жатыр, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауырып қалған азаматтармен қатынасқан тұлғалар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынады.
Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
18.04.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде COVID19 инфекциясымен 11 адам анықталды, деп хабарлады Жедел ақпараттық штаб өкілдері.