Көрмедегі жобалар қайда кетті?
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды қолданысқа енгізу туралы аудан, қала әкімдеріне қатаң тапсырма берді. Бұл туралы дүйсенбі күні облыс әкімдігінде өткен селекторлық жиналыста айтылды. Күн тәртібіндегі маңызды мәселе туралы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев баяндама жасады. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, былтыр өткен «Экспо-2017» көрмесіне Қостанай облысы екі жоба ұсынған. Оның бірі – органикалық қалдықтарды қайта өңдеу кешені. Аталған кешен 2015 жылдан бері Қарасу ауданындағы «Қараман+-К» ЖШС базасында жұмыс істеуде. Екіншісі – «Тоқылмаған материалдар фабрикасы» ЖШС базасында пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеу. Жалпы, біздің облыс көрмеде ұсынылған жаңа технологиялардың арасынан 13 жобаны іріктеп алыпты. Соның алтауы қолданысқа енсе, қалған жетеуі іске қосылу үсінде. Облыс әкімі А.Мұхамбетов Жітіқара, Рудный, Қостанай, Лисаков сияқты қалалардың газ саласына қатысты жаңа технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндіктері бар екенін айтты. Сондай-ақ көп қаржыны талап етпейтін шағын жобаларды қолдану керектігін ескертті. Мысалы, Науырзым ауданында былтырғы күзде орнатылған жел-күн электр станциясы жылына 200 мың теңге үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Аталған жобаның жалпы құны 3,9 млн теңге. Әулиекөл ауданындағы күн сужылытқышы жылына 120 мың теңге үнемдейді. Жобаның бағасы – 310 мың теңге.
– Мол қаржыны талап етпейтін осындай шағын жобалар жетерлік біздің облысымызда. Соларды іске қосу қажет. Біз қаржы үнемдеу арқылы, баламалы энергия көздерін игеруіміз керек. Әр қала жылдың соңына дейін «СМАРТ орындықтарды» орнатсын. Қазір цифрландыруға баса назар аударып жатырмыз. Сол себепті «СМАРТ орындықтардың» маңызы орасан зор, – деген өңір басшысы А.Мұхамбетов жаңа жобаларды енгізу бойынша мүлде жұмыс істемей отырған аудан әкімдерін қатаң сынға алды.
Бір де бір жоба ұсынбаған, не бір бастама көтермеген Ұзынкөл, Сарыкөл, Меңдіқара, Федоров, Алтынсарин, Қарабалық, Қарасу аудандарының әкімдерінен мән-жайды сұрады. Бейнабайланыс арқылы байланысқа шыққан аудан әкімдері мардымды жауап қайтара алмады. Меңдіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Құрманғазы Сәдуақасовтың есебіне облыс әкімінің көңілі толмады. Аталған әкімдер алдағы сәрсенбінің кешіне дейін облыс әкімінің атына жазбаша түрде есеп беретін болды.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.