Бас жүлде – 25 миллион теңге, пәтер және автокөлік

Биылғы «Қазақстан барысы-2016» жарысының жеңімпазы осындай қомақты сыйлыққа ие болады. Бұл туралы қазақ күресі бойынша «Қазақстан барысы-2016» республикалық турниріне арналған баспасөз мәслихатында «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы, қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.1371529111.7108«Өздеріңіз білетіндей, іріктеу кезеңдері ауыл мен аудандардан басталды. Осылайша, 14 облыс, Астана және Алматы қалаларынан екі-екі балуан «Қазақстан барысы-2016» додасына өтті. Тағы бір айта кетерлігі, биыл тарихта бірінші рет әскери қызметкерлер арасында «Әскер барысы» турнирын өткізген едік. Соның жеңімпазы 33-інші балуан ретінде «Қазақстан барысы» турнирына қатысады. Биыл еліміздің экономикалық жағдайы қолайлы болмаса да, соған қарамастан бүкіл күшімізі салып, турнирдың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының арқасында жүлде қорымыз 42 млн теңгені құрап отыр. Соның ішіде, бірінші орын алған балуанға 25 млн теңге, жеңіл автокөлік пен Астанадан пәтер тігіп отырмыз»,-деп хабарлады А.Шораев.
«Қазақстан барысы-2016» турнирының финалы 3 шілде күні Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Сондай-ақ, көрермендер арасында да автокөлік ұтысы ойнатылады. Балуандар жарысын ««KazSport»» арнасы, Түркияның «TRT Avaz» арнасы мен Ресейдің «Матч!Боец» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, Елордада өтетін елеулі додаға біздің облысымыздан 2 балуан қатысады. Бірі – биылғы аймақтық «Қостанай қыраны» іріктеу турнирінің жеңімпазы Ерлан Омаров, екіншісі – осы белдесу байқауының екінші жүлдегері жас балуан Абылайхан Қасымхан.
 

Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓