“Сізге қай аялдама?”

Бүгіннен бастап Қостанай облысы аумағында карантиннің енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктер мен такси қызметі тоқтатылды. Дегенмен жергілікті билік пен жекелеген кәсіпорындар өз қызметкерлерінің жұмысқа барып-келуіне қолайлы жағдай жасауда.
VTpTS2IVigE
Мәселен, «ССКӨБ» АҚ «РудныйАвтоТранс» серіктестігімен жедел келісім-шарт жасасып, 30-дан астам маршруттық автобусты жалға алды. Олар таңертеңгі және кешкі уақытта кеншілерді қала мен өнеркәсіптік аумақ бағытында тегін тасымалдайтын болады.
Айта кетейік, әзірге полицейлер көлік қозғалысын бақылап, режимді бұзған тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Ертеңнен бастап тәртіп күшейтіліп, оған бағынбағандарға тиісті шара қолданылатын болады.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓