Президент утилизация төлемі енді 200-250 мың теңгеден аспайтынын айтты
Шетелдік көліктерді елге әкелу жеңілдейді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет,— деді Президент.
Сосын шетелден әкелінетін көліктерді заңдастыру тұрғысынан алынатын утилизация төлеміне қатысты жағымды жаңалықпен бөлісті.
Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын,— деді Тоқаев.