Жітіқара полицейлері карантинде

Бүгінде Жітіқара полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей үй карантинінде. Бұл туралы облыстық полиция департментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жітіқара қаласына қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету үшін ПД-ның 80 қызметкері келді. Олардың барлығы аудан әкімдігі ұйымдастырған қорғаныс құралдарымен және тамақтандырумен қамтамасыз етілген.
1BVnud50
– Ауырған полицейлермен байланыста болған ПД қызметкерлері тестілеуден өтті, нәтижесі теріс болып шықты. Бірақ олар да үй карантин жағдайында. Полиция қызметкері дәрігерлер сияқты жоғары қауіп аймағында. Ауырып қалған полицейдің жағдайы қанағаттанарлық. Аудан бөлімі дезинфекция құралдарымен өңделген. Ауру жұқтырған қызметкер оған дейін ауырған адамдармен өзінің қызметтік міндеттеріне байланыста жақындасқан. Блок бекеттерінде қызмет атқаратындардың барлығы да қауіп-қатер аймағында. Сондай-ақ, полиция департаментінде де тазалау жұмыстары жүргізілді, – делінген полиция ақпаратында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓