Індет тағы екі адамнан анықталды

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы тіркеліп отыр. Коронавирус Жітіқара қаласының 1996 және 2010 жылы туған екі тұрғындарында анықталды деп хабарлайды өңірлік жедел штаб. 
«Аталған тұлғалар осының алдында COVID-19 ауруымен ауырып қалған зейнеткерлермен жақын қарым-қатынаста болған. Бірі көршісі болса, екіншісі туысы болып келеді. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша коронавирустық диагнозы расталды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем-шаралары жүргізілуде.  Науқастармен қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталуда. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», – делінген хабарламада.   
16.04.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-19 инфекциясы 7 адамнан анықталды. Бір адам қайтыс болды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓