Әйелдер 63 жастан зейнетке шығады

Ер азаматтарға қарағанда, әйелдердің зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі әлдеқайда төмен. Олардың еңбек қызметінің ерекшелігін ескерген жөн. Бұл жұмысының жалғаспай қалған кезеңіне, жалақы көлемінің төмендеу болуына қатысты, деп жазады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты. Без названия
Зейнеткерлік жасты бірегейлендіру – әйелдерді зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың бірі. Қазақстанда 2015 жылы  зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр.  2027 қарай олардың зейнтекерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасы тағы 6 айға ұзарып, 59 жасты құрады.  Ағымдағы жылы 1960 жылдың екінші жартысында туған әйелдер зейнеткерлікке шығады.
Мұнымен қатар  2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы  белгілеудің жаңа әдістемесі енгізіліп отыр. Базалық  зейнетақыны есептеу жүйесі өзгеріп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемі артты. Жаңа жүйе бойынша оның мөлшері еңбек өтіліне қарай өзгеретін болады. Жұмыс тәжірибесі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейін де жинақталған өтілі  есепке алынады.
Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіндегі өтілі, базалық зейнетақыны есептеуде есепке алынады. Оған 3 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезең,  (жалпы алғанда 12 жылға дейін), мүгедек-баланы бағып-қағу, әскери қызметтегі жұбайлардың бірге тұруы (мерзімді әскери қызметтегілерден басқа), олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған, жергілікті жердегі арнайы мемлекеттік қызметкерлердің (жалпы алғанда 10 жылдан аспауы керек) және т.б.
2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы  компонент енгізіледі. Ол зейнетақы жинағының көлемін 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы есебінен өсіруге бағытталған. Оны жұмыс беруші жұмысшыларының пайдасына өз қаражатынан төлейді. 
Мұның бәрі әйел азаматтарға зейнетақы жинағының көлемін және еңбек өтілімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл базалық зейнетақыны белгілеуде есепке алынады. Осылайша әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуы барысында барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады: Біріншіден, бес бала туған және 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы; Екіншіден, төтенше және радиациялық тәуекелі бар аймақтарда және Семей ядролық сынақ полигонында  5 жылдан аз емес уақыт тұрғандар 45 жасында зейнеткерлікке (20 жыл еңбек өтілі болуы керек) шығады;  Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін зейнетақы ануитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтары  жеткіліктілер 2019 жылы 51 жастан  зейнеркерлікке ерте шыға алады; 
 
Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі: 
2018 58 жас 6 ай  01.01.1960 -30.06.1960 ж.
2019 59 жас  01.07.1960 – 31.12.1960 ж.
2020 59 жас 6 ай  01.01.1961 -30.06.1961 ж.
2021 60 жас  01.07.1961 -31.12.1961 ж.
2022 60 жас 6ай  01.01.1962 – 30.06.1962 ж.
2023 61 жас  01.07.1962 – 31.12.1962 ж.
2024 61 жас 6 ай  01.01.1963 – 30.06.1963 ж.
2025 62 лет  01.07.1963 – 31.12.1963ж.
2026 62 жас 6 ай  01.01.1964 – 30.06.1964ж.
2027 63 жас  01.07.1964 – 31.12.1964 ж.
 
2018 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша бюджеттен бөлінген жиынтық зейнетақының орташа көлемі  81 159 теңге, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда зейнетақының орташа көлемінен 23 пайызға артық. (2017 жылдың 1 желтоқсанында бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа көлемі – 65 935 теңге). 2018 жылдың 1 желтоқсанында  жасы бойынша  зейнетақы алатындардың жалпы саны  – 2 172,9 мың адамды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓