Мемлекеттік қызмет мінсіз қызмет болса игі
Былтырғы жылы өңірімізде әкімшілік мемлекеттік қызметке өту үшін тест сынақтарын тапсырғандар саны 3051 адам болса, олардың тең жарымынан астамы ғана (55%) бастапқы кезеңнен өткен. Ал құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға ниет білдірген 2690 адамның 1394-і өтпей қалыпты. Әрине, мұндай жауапты орынға алғаш рет жұмысқа келудің алдында үміткерлер үш сатылы емтиханынан өтуі тиіс. Осы жайында және өткен жылдың қорытындысын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Депаратмент басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте баяндады.
Мемлекеттік қызметке қатардағы маман болып қабылданғыңыз келсе алдымен мемлекеттік тілді білуіңіз міндет. Екіншіден заң нормаларынан білімділігі, үшіншіден жеке қасиеттерінің бағалануының қорытындысы.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында заманауи мемлекеттік аппарат қалыптастыру мақсатында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусына іріктеу аттестациясын өткізу туралы ел Президентінің Жарлығы шыққан болатын. Өткен жылы біздің өңірімізде аталған сынақ өткізіліп, 4388 адам өтіпті. Оның 591-і қызметке сай әрі жоғарылауға лайық деп танылған. 37 адам қызметіне лайық болмағандықтан, төмендетуге ұсынылған. Ал 8 мемлекеттік қызметке лайық емес, орнынан босатылсын деп ұйғарылыпты.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ