20 жыл құжатсыз өмір сүрген

Әулиекөл ауданы Аманқарағай кентінің 46 жастағы тұрғыны Павел Томашевич жиырма жыл құжатсыз жүрген.Осы уақытқа дейін ер адам Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып келген. Соның кесірінен жұмысқа орналаса алмай, басқа да өмірлік қиындықтар басына түскен.
"Ауданның көші-қон қызметіне жүгінген Павел Томашевичке Қазақстан азаматы екенін дәлелдейтін құжаттарды жинауға және құжаттандыруға көмек көрсетілді", – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓