Анасын іздейді

Меңдіқара ауданында 10 қараша күні үйінен шығып кеткен Любовь Нүрпейісоваға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.пенсионерка
Любовь Нүрпейісованың жоғалып кеткені туралы  қызы Меңсұлу Құрманова айтты. Оның айтуынша, анасы екінші топтағы мүгедек және бұрын да осылай белгісіз бағыттарға шығып  кететін болған.
«Мен өзім Қостанайда тұрамын. Ал анам Боровское ауылында тұрады. Жоғалып кеткен күні дүкенге барып келетінін айтқан. Туған-туыстар сол күні іздеуді бастады, алайда таппады. Ол жол бойына шығып, көліктерді тоқтатып, солардың біріне мінген болуы мүмкін. Көргендердің айтуынша, Рудный немесе Қостанайға бағыт алуы мүмкін», – деді Меңсұлу Құрманова ҚазАқпарат тілшісіне.
Любовь Нүрпейісованың үстінде алқызыл куртка, жолақты бас киім жəне аяғында көк кебіс болған.
Оның шашы қара түсті, бойы – 160-165, ұлты – қазақ. Меңсұлу Құрманова жоғалып кеткен анасы туралы қандай да бір ақпаратты білетіндерге 87053031357 немесе 102 нөмерлеріне хабарласуды сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓