Жол-көлік апаттары көбейген
Өңірде жылына жолдағы апаттар орташа 7%-ға өсіп отырады. Тек биылғы жылдың алғашқы 8 айында 4 жүзден астам апат болып, 77 адамның өмірін қиды. Бұл жөнінде облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
Сондай-ақ прокуратурада өт-кен жиында өңірдегі қылмыс ахуалы да сөз болды. Аймақта былтырғы жылға қарағанда қылмыс 11,5%-ға азайыпты. Дегенмен, облыс прокурорының орынбасары Данияр Сыздықов кейбір қылмыс түрлерінің әлі де азаймай отырғанын жеткізді. Сөзінше, орта деңгейдегі ауыр қылмыстар 3,2%, ал аса ауыр қылмыстар 8,3% артқан. Әсіресе, көшелер мен қоғамдық орындарда болатын қылмыстар деңгейі төмендеді деп берген статистикалық есеп жалған болып шығыпты. Тексеру кезінде есепке енгізілмеген 4 жүзден астам құқық бұзу әрекеттері әшкере болған.