«Қан тапсырып, үміт сыйла» акциясы өтті

Қостанай облысы ТЖ департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасы облыстық қан орталығымен бірлесіп, департамент ғимаратында жыл сайынғы «Қан тапсырып, үміт сыйла» акциясын ұйымдастырды. Іс-шара төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа, сонымен бірге ауыр халде жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге бағытталған. DSC_0001 Осы акцияны өткізуге Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелері қатысты. Адамның өмірін сақтауға немқұрайлы қарауға болмайды. Іс-шара ерікті түрде өткізіледі. DSC_0030ТЖ департаментінен 40 адам қан тапсырды. Азаматтар тиісті тексеруден өтті, денсаулықтарына шағым жасағандар болған жоқ.
Қостанай облысының ТЖД

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓