Жаңа маусымда жаңалық көп

театр  11 қазанда І. Омаров атындағы қазақ драма театры жаңа маусымның шымылдығын түрмек. Әр жылдан көрермен жаңашылдық күтеді. Театр жақсы пьесамен тыныс алады. Қолынан іс келетін басшымен бірге көркейеді. Театрды ұзақ жыл басқарған Нұрлан Ерекешевті сөзге тартқан едік.
– Нұрлан  Ерікұлы, биыл қандай жаңашылдықтармен қуантасыз, репертуар қоржыны толықты ма?
– 1 қазанда театр шымылдығын Ерсайын Төлеубайдың "Мәриям-Ілияс"  драмасымен түріп, көрермен қауымды қарсы алмақ. Әрбір жаңа маусымнан көрермен жаңашылдық күтетіні белгілі. Театр  ұжымы "Кім кінәлі?" (драма), "Тіл табысқандар" (комедия) сынды тың дүниелермен репертуар қоржынын толықтырды. Қазақ театрына келген көпшілік рухани байып, демалып қайтады деген ойдамыз.
– Оқырманды елең еткізер тағы қандай жаңалықтарыңыз бар?
– Басты жаңалығымыз театрға өнерлі жастар келді. Республикада 23 қазақ драма театры бар. Солардың ішінде І.Омаров атындағы Қостанай қазақ драма театры алдыңғы қатарда. Сондықтан болса керек, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің актерлік факультетін бітірген 10 өнерлі жас біздің театрды таңдапты.  Бұл  жастар тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, театр фестивальдерінің бірнеше дүркін жеңімпаздары, республика режиссурасының көрнекті өкілдерінің бірі Жанат Хаджиевтің шәкірттері. Өз тарапымыздан өнерлі жастарға сәттілік тілегіміз келеді.
– Ендеше, театрдың жаңа маусымында кездескенше.
Айтолқын
    АЙҚАДАМОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓