Бірлікке шақырған үндеу

IMG_20200408_171258~2Қазір тұтас әлем тәжді тажалдың алдында тізе бүгуге мәжбүр болып отыр. Біздің елге де дендеп кірді. Қолымыз жағамыздан түспей, дерт жұқтырған науқастардың сәт санап ұлғайып жатқанына, жасырар ы жоқ, алаңдаулымыз. Ақ халаттылардың бейнетқорлықпен, жансебілдікпен атқарып жатқан жұмысы, құқыққорғау саласы қызметкерлерінің үздіксіз еңбегі назарымызда. Мейлінше құрмет тұтуға лайық! Осы бір алмағайып шақта халықты сабырға шақырып, жол нұсқап, жөн сілтейтін, жұбаныш лебіз айтатын ел ағалары ның сүйеу болып отыруы заңдылық.  Бүгінгі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жасаған үндеуі үмітті үкілеп, жігерді жани түсті. 
"Біз осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ",-деді Елбасы. 
Ол үндеуінде халықтың әр деңгейлі тобын назардан тыс қалдырған жоқ. Соның ішінде бізге, жастарға да серпінді сөздерін айтты.
" Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге ізетті,  кішіге қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар",-деді ол.
Әлбетте, бізге артылған үміт өтеусіз қалмайды деп үміттенемін.  Қиындықтың бәрі еңсеріліп, елдің береке-ырысы еселенер күндер алыста емес деп сенеміз. Әзірге, құрметті жерлестер, сақ, сабырлы, тәртіпті болайық! 

Жанболат Құрмашев, 
жас мұғалім

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓