Рождество мейрамы атап өтілді

Қостанай қаласындағы Успен Рим католик шіркеуі Рождество мейрамын атап өтті. Дін ұстанушы қостанайлықтарды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев арнайы келіп құттықтады. Келушілер дәстүр бойынша дастархан басына жиналды.0_15cf8b_dd1b6490_L-Католик шіркеуі – Христиан дінің үлкен бір бөлігі. Ол әлем бойынша 1 млрд сенушілердің басын біріктіріп отыр. Сондай-ақ, адамазатты жаман әдеттер мен бұзақылықтан аластатуға өзіндік үлесін қосып келеді. Қазақстанда 84 католик шіркеуі бар. Соның төртеуі біздің облыста орналасқан. Жалпы алғанда, Қазақстан түрлі дін өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты ел. Бұл – біздің ең құнды байлығымыз,- деді орынбасар. 
Биыл салтанатты бағдарлама бұрынғысынан сәл өзгеше болды. Мысалы,сахналық қойылым орнына бұл жолы қысқа метражды фильм көрсетілді. Бұдан кейін діни дәстүрлі амалдар жасалды. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓