Қостанайда 200 отбасы 25 келіден тегін ұн алды
Бұл “Nur Otan” партиясы Қостанай облыстық филиалының “Бест Қостанай” ЖШС диірмен комбинатымен жасалған меморандумның арқасында жүзеге асырылды.

“Nur Otan” партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаевтың айтуынша, бүгінгі күнге азық-түлік себеті, зарарсыздандыру құралдары, бетперде және қолғап түріндегі атаулы көмек 800-ден астам отбасына көрестілген.

Облыстың бизнес қауымы да халықты қолдау және қайырымдылық көрсетуден тыс қалмақ емес. Солардың қатарында жоғарыда аталған «Бест Қостанай» өкілдері де еліміздегі төтенше оқиға кезінде отандастарымызды қолдап, акцияға катынасуға шешім қабылдады. Диірмен комбинатының директоры Видади Юсубов айтқандай, олар халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына атаулы көмек беріліп жатқанын көргенде оны айналып өте алмадық та, бұл қайырымды іске өз үлестерімізді қосу қажет деп есептедік.
-Жаңалықтардан «Nur Otan» партиясының облыс тұрғындарына көмек беріп жатқанын көрдік. Үйлеріне азық-түлік, зарарсыздатқыштар, қолғаптар мен бетперделер жеткізіп беріп жатыр. Қазір үйден бейсеует көшеге шығу да қауіпсіз емес. Біз де осындай кезеңде аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуымыз қажет деп шештік. Бүгін партияның облыстық филиалымен меморандамға қол қойып, ол бойынша қала тұрғындарына 25 келіден 1 000 қапшық ұн жеткізіліп берілетін болады, – дейді Видади Юсубов.
Атаулы көмекті бүгін бірінші болып әйелдер мен балаларды үйрету Қостанай қалалық орталығының аналары мен балалары алды. Тізім бойынша бүгін кешке дейін 200 отбасына ұн жеткізілетін болады. Партияның облыстық филиалы бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыра беретін болады. Алдағы демалыс күндері мұқтаж отбасыларын қамту саны 1000-ға дейін жетпек.