COVID-19 жұқтырған қостанайлық Египеттен келді

COVID-19 жұқтырған қостанайлық Египеттен келген. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев ақпарат берді. Айтуынша, коронавирус жұқтырған 1991 жылғы азаматша 23 наурыз күні «Шарм-эль-шейх – Алматы» рейсімен ұшып келген. Кейін Тобыл қаласындағы емханада тексеруден өтті.
кр
– Бастапқы тексеру кезінде одан және Қостанай облысының тағы 4 азаматынан вирус анықтаған жоқ. Осылайша олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары алгоритмге сәйкес шара қабылдады. Аталған тұлғалар және олармен байланыста болған барлық жолаушылар мен жолсерік, барлығы 12 адам оқшауланды. Емханадағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау аталған азаматшада оң нәтиже, қалған адамдарда теріс нәтиже көрсетті.Қазіргі уақытта тиісті эпидемияға қарсы шаралар қабылданып жатыр, – деді Марат Жүндібаев.
Бұған дейін Қостанай облысында бір адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓