Тиімді оқытудың жолдары
#BizBirgemiz акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Тілдарын» облыстық орталығы «Қашықтан оқытудың тиімді жолдары» атты онлайн форматта әдістемелік отырыс өткізді. Мақсаты – аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету.
Орталық басшысы Ж.Ербатырова қашықтан оқытудың тиімді жолдары туралы баяндады. Аталған онлайн әдістемелік отырыс барысында Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Зарлыққызы орталық мамандарына еліміздегі ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жөнінде нұсқаулық берді.
Сонымен бірге орталық оқытушылары А.Міркемелова мен Г.Крикпенова ZOOM бағдарламасы бойынша панорамалық сабақ үлгілерін көрсетті.