Халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспарлары бекітілді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің әлеуметтік дамуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты._DSC1008
Сөйлеген сөзінде Б.Сапарбаев Президенттің Үкіметке жүктеген басты міндеті, бұл – экономикалық өсім қарқындарын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Сонымен, жұмыссыздықтың артуына жол бермеу мақсатында сәйкес шаралар қабылданды. Атап айтқанда, барлық өңірлерде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарлары бекітілген, олармен 322 мыңнан астам адамды қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда 191 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды. 2,2 млн. адамды қамти отырып, жұмыс орындарын және жалақыны сақтау бойынша 66 мыңнан астам меморандум жасалды._DSC0909
 «Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, еліміз мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында барлық әлеуметтік міндеттерді орындайды», – деп сендірді вице-премьер.
Денсаулық сақтау саласына қатысты Б.Сапарбаев «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері оң динамикаға ие болғанын баса айтты. Өмір сүру ұзақтығы 2010 жылы 68,41 жастан 2014 жылы 71,6 жасқа дейін ұзарды, жалпы, ана және бала өлім-жітімі, туберкулезге, онкологиялық және жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу азайып келеді.
«Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оның негізгі бағыттары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін, сондай-ақ денсаулық сақтауға ынтымақты жауапкершілікті қамтамасыз ететін әлеуметтік медициналық сақтандыруды кезең-кезеңмен енгізу болып табылады», – деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.
«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 78,6% құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін МЖС жобаларын жүзеге асыруды ескергенде қосымша 162 мектепке дейінгі ұйым ашылады, бұл балалардың 81%-ын қамтиды.
«Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен жүз пайыз қамту бойынша Президенттің тапсырмасы 2020 жылға дейін орындалады», – деп баса айтты Б.Сапарбаев._DSC0836
Орта білім беруде 12-жылдық оқыту үлгісіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады, ү.ж. қыркүйегінен бастап бастауыш мектепке «НЗМ» тәжірибесін ескеріп, 30 мектептің базасында оқыту және оқу бағдарламаларының жаңа Стандартын апробациялау жоспарланған, сондай-ақ еліміздің екі өңірінде 10-11 сыныптарда жан басына шаққандағы қаржыландыруды апробациялау жалғасын таппақ.
«Ағымдағы жылы 128 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. 2018 жылға дейін апатты және үш ауысымды мектептерді жою мәселелері толық шешіледі», – деп баса айтты вице-премьер.
Бұдан өзге, Үкімет дуальді білім беру жүйесінің Жол картасын бекітті, оның шеңберінде колледждер саны 280-нен 370-ке дейін артады.
Өткен жылдан бері «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша жұмыс күші мол аймақтардың 2050 студенті оқып жатыр. Ағымдағы жылы гранттар саны 2,5 есеге артады. Қайталанатын мамандықтар санын азайту, ТжәнеКБ мамандықтарын даярлау мерзімдерін қысқарту, ЖОО желісін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 
Ғылымда ғылыми-білім беру кешендеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мысалға, ҚазҰТУ «Парасат» холдингімен біріктірілді, жетекші ЖОО-дары ірі ғылыми орталықтармен біріктіріледі. Сондай-ақ, ғылыми жобалардың нәтижелерін енгізу, халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдарды арттыру, жастарды ғылымға тарту басымдықтар болып табылады.
Б.Сапарбаевтың мәліметінше, шамамен 4,3 млн. қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен айналысады, бұл еліміздің тұрғындарының 25%-ын құрайды. 2020 жылға қарай аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, өңірлерде спорт және мәдени ғимараттардың аз жүктелуі байқалған.
Бұдан өзге, Б.Сапарбаев Калачи, Березовка, Бестау ауылдары және Красногорск кентінің тұрғындары 2015-2016 жылдары республикалық және жергілікті бюджет, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг және демеушілердің қаражаты есебінен өмір сүруге қолайлы жерге көшірілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, вице-премьер Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ хандығының 550-жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша Іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып жатқанын, оған сәйкес 100-ден астам ірі іс-шара жоспарланғанын еске салып өтті. Өңірлік деңгейде 700-ден астам іс-шара жоспарланған.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓