САБЫР ТҮБІ – САРЫ АЛТЫН

Дабылов
Қазіргі індеттің өршіп, дүрбелең туған заманда бәріміздің де осы қанатты сөзге жүгінгеніміз абзал.  Алдымызға қойылған ең аз талаптарды: өзін-өзі оқшаулау, санитарлық-гигиеналық ережелерді орындап, енгізілген карантин мен шектеу  ережелерін сақтауымыз керек. Бұндай аз талаптарды орындау барлығымыздың қолынан келеді. Біз осылайша індеттің таралуына тосқауыл қоя аламыз.
Күні кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті мен дағдарысқа қарсы бағдарламаны жариялады.  Бұл отандық бизнеске нақты қолдау болады деп есептеймін.
Халқымыздың денсаулығы үшін күресіп жатқан дәрігерлеріміз, қауіпсіздігімізді сақтап отырған полиция қызметкерлері, жаңа оқу процессіне бар күшін салып жатқан мұғалімдеріміз, әлеуметтің осал топтағы азаматтары да мемлекет басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Барлығына да жоғары деңгейде қолдау шаралары жүргізілмек. Бізге де оларға қолдау көрсетуіміз, кемінде өз жұмыстарын атқаруға кедергі болмауымыз қажет. Егер де біз барлығымыз келісе отырып қызмет атқарсақ, бізге ешбір індет қауіп емес. 
 
Аслан Дабылов,
Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі,
«Жаңа өмір» мүгедектерді белсенді оңалту орталығы»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓