Әулиекөлде екінші POS-терминал пайда болды
Жақында Әулиекөл ауылындағы Еркімбаев көшесінде орналасқан “О'жан” азық-түлік дүкенінде екінші POS-терминал пайда болды. Бірінші аппарат аудан орталығындағы “ТоТ” супермаркетте орнатылған.
-POS-терминал орнату клиенттерге ыңғайлы, – дейді кәсіпкер Әлия Шүкірова. – Келушілер жиі сұраған соң сатып алуды шештік. Біз автостанцияның жанында тұрамыз, карточкалармен келген транзиттік жолаушылар көп. Ал енді біз Қазақстанның барлық банктерінің карточкаларын қабылдаймыз.
Оның айтуынша, басты себеп – елдегі қазіргі жағдай. POS-терминал – сатып алушылардың санитарлық қауіпсіздігі. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – сатып алу үшін төлем жасаудың байланыссыз тәсілдерінің бірі. Өйткені, барлық ақшаны антисептикпен өңдеу мүмкін емес.
Әрине, ауылда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу – бұл өркениетті әлемге үлкен қадам, бизнесті адал жүргізу, салық төлеудің ашықтығы.
Айта кетейік, Әулиекөлде банк карточкаларын ЖМС (АЗС) және кейбір дәріханалар қабылдайды. Бұдан басқа, Новонежинка ауылындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану пункттері, онда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі бұрыннан дамыған.