Қала әкімдігі хабарлайды

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін, 2020 жылғы 31 наурызда сағат 22:00-ден бастап тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қостанай қаласының аумағында тыйым салу және шектеу сипатындағы мынадай шаралар енгізіледі:
Қала аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (мерекелік, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.); Медициналық көрсеткіштер бойынша шығуды қоспағанда, короновирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салынады;
WhatsApp Image 2020-03-30 at 17.58.23
Кинотеатрлардың, театрлардың, балалар орталықтары мен ойын алаңдарының, түнгі клубтардың, фитнес орталықтарының, тренажер залдарының (орталықтарының), букмекер кеңселерінің, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (даму, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т. б.), кітапханалардың, компьютерлік және ойын клубтарының, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және т. б.), кальян, бильярд орындарының, боулинг орталықтарының, аквапарктердің, бассейндердің, сауналардың, жуыну орындары саны 50 және одан да көп моншалардың, санаторийлердің, профилакторийлердің және демалыс базаларының қызметтерін тоқтату;
443bf960-b6ce-4979-a72d-5dfa3fab82f3
Азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер сататын сауда объектілерін қоспағанда, алаңы 2000 м2 артық ірі сауда объектілерінің (сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, базарлар) қызметі тоқтатылды;
Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернаттарда болуға тыйым салынады; 
Құдайға құлшылық ету, басқа да діни рәсімдер, дұға ету және діни жиналыстар өткізу мақсатында діни мақсаттағы объектілерге баруға тыйым салынады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓