Онлайн жүйеге көшті

Қостанай облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылығы орталығы төтенше жағдайлар кезеңінде жаңа онлайн форматтағы іс-шаралар жоспарын жасады. Орталық директоры Дәмір Елтайұлының айтуынша, іс-шаралар Қостанай облысы мәдениет үйлерінің ақпараттық порталында және ocsnt.kz сайты, әлеуметтік желілерде беріледі.
– Мәдениет мамандары назарларыңызға айтыстар, викториналар, конкурстар, әдеби шолулар, кітаптар мен журналдарды оқу, фильмдерді көру челлендждерін ұсынады. Онлайн режимде ауданның жеке орындаушылары мен шығармашылық ұжымдарының концерттерін көре аласыздар. Бұған қоса ансамбль басшыларымен, Қостанай облысының мәдени-демалыс мекемелерінің әртістерімен және танымал мәдениет қайраткерлерімен онлайн-кездесулер өткізу жоспарда бар, – дейді Дәмір Қалқаев.
Безымянный
Айта кетейік, бұл бағыттағы барлық материалдар #БІЗБІРГЕМІЗ хэштегімен жарияланады. қазірдің өзіндеАлтынсарин, Амангелді, Жангелдин, Қарабалық, Сарыкөл аудандары мен Қостанай қаласының өнерпаздары жұмыстарын бастап кеткен. Өткізілетін іс-шаралар келесі  интернет-ресурстарында жарияланады:
1.  Қостанай облысы мәдениет үйлерінің ақпараттық порталы ocsnt.kz:
http://ocsnt.kz/ru
2.  Facebook:
Culture Qostanai https://www.facebook.com/culture.qostanai
3.  Instagram: @culture_qostanai
4.  Одноклассники:
QOSTANAI OBLYSYN MÚ AQPARATTYQ PORTALY https://www.ok.ru/profile/577467725261
5.  Vkontakte:
Culture Qostanay
 https://vk.com/ocsnt.kz91
6.   МойМир:
ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ
 https://my.mail.ru/ocsnt.kz/1/
7.    YouTube:
Облыстық халық шығармашылығы орталығы https://www.youtube.com/channel/UCD1HuvcBreKBrP2DljgLurg?app=desktop

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓