Ережені 121 адам бұзған

Төтенше жағдайлар кезеңінде республикалық және облыстық жолдарда 10 блок-бекет орнатылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов айтты. 

IMG-20200329-WA0036

Аталған блок-бекеттерде тәртіп сақшыларынан бөлек, жедел әрекет ету жасағы мен медицина қызметкерлері кезекшілікпен жұмыс істемек. Құрмет Мәжікеновтің мәлімдеуінше, өңірде 31 наурыз сағат 22.00-ден бастап Ақмола, СҚО, Қарағанды, Ақтөбе облыстарына шығатын жол бағыттарына уақытша шектеу қойылады. Дәлірек айтқанда, Қостанай аймағына шетел тұрғындары тұрмақ, өзге өңірлердің тұрғындары кіріп шыға алмайды. Сондай-ақ, облыстың аудандары мен қалалары арасында автобус қатынасы да толығымен тоқтатылады. Тек жеке көлігімен жүретіндердің жолы бөгелмейді.

Блок-бекеттердің жұмысы ҚР Президентінің қаулысы шеңберінде қатаң бақылауға алынады.

"Қазірдің өзінде бекітілген ережені бұзып жатқан азаматтар бар. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы өңірде 121 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, көпшіліктен жалпыға бірдей тәртіпті сақтауды сұраймыз", – деді Қ.Мәжікенов.

Қоса кетейік, елімізде төтенше жағдай ережелерін бұзған азаматтар ҚР ӘК 476-бабына сәйкес, 15 тәулікке қамалады немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓