Қостанай қоршауға алынады

     Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Штабтың шұғыл отырысын өткізді. Бұл жөнінде өзінің инстаграм желісінде хабарлаған аймақ басшысы отырыста жауапты мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын тыңдағанын айтады.
8e4884ad-eec4-41e0-ba1f-61c8235cbab7
     "Барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар өткізілуде. Кеңес қорытындысы бойынша коронавирустық инфекцияға жол бермеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, 31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қоя отырып, Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізу туралы шешім қабылданды," – дейді облыс әкімі.
df95134c-71db-455d-87d8-fd16cb5a4e46
      Соңғы деректерге жүгінер болсақ, еліміз бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 265-ке жетті.  Атап айтқанда  Нұр-Сұлтанда – 162; Алматыда – 67; Қарағанды ​​облысы – 7; Шымкент – 2; Ақмола облысы – 6; Алматы облысы – 4; Ақтөбе облысы – 1; Атырау облысы – 6; Шығыс Қазақстан облысы – 2; Жамбыл облысы – 3; Қызылорда облысы – 2; Павлодар облысы – 1; Солтүстік Қазақстан облысы – 1; Маңғыстау облысында 1 жағдай тіркелген. Сырқаттан айыққандар саны –  18. Бір науқас көз жұмды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓