12 адам госпитальге жатқызылды

26 наурызда Тобыл қаласының провизорлық госпиталіне 12 адам жатқызылды. Олардың барлығы – Қостанай облысының азаматтары. Бұл туралы Қостанай облысының Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.photo_31298012 адамның 5-і Египеттен Алматы қаласына ұшып келген. Оңтүстік астанада олардан анализ алынып, алдын ала нәтижелер теріс болып шыққан. Бұдан әрі осы азаматтар Отар қаласы арқылы Қостанай облысына жетіпті.
Бұл адамдардың коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматымен байланыста болғанын ескере отырып, осы азаматтарды және барлық байланыста болған адамдарды, соның ішінде пойыздың жолсеріктерін госпитальге жатқызуға шешім қабылданды.
Қостанай қаласына келе жатқан жолында 4 адам Аман-Қарағай станциясынан түскен, ол жерден оларды машинамен таныстары күтіп алып, Қостанай қаласына жеткізген. 
Қостанай облысының ТКҚСҚБД және ПД үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында жолаушылары бар автокөлік облыс орталығына жетпей ұсталды. Олар ауруханаға жатқызылды.
Қалған жолаушыларды (8 адамдай) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары  Б.Майлин ауданының Тобыл станциясынан күтіп алды. Жедел жәрдем көлігі және полиция қызметкерлері олар Тобыл қаласының провизорлық госпиталіне жеткізілді. Барлығынан коронавирустық инфекцияға анализ алынды.  

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓