“Қаламгер” спектаклі қойылды

Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры «Қаламгер» /Би-аға туралы тамшылар/ спектаклін қойды. Қазақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің өмірін арқау еткен қойылымды көруге жазушының тікелей ұрпақтары Мейрам Бақбергенов, Дәметер Сейтжан, Салтанат Мұстафиналар арнайы келді.  WhatsApp Image 2019-10-24 at 09.22.08«Спектакль өте қатты әсер етті. Балалық шағы, ата-әжеміз, анамыз Гүлжамал, тіпті кейіпкерлері Мырқымбай, Шұғаға дейін қамтылған. Сол заманның сұмдық үрейін, бір отбасы ғана емес, тұтас қоғамның басынан өткен зұлматты жан-дүниемізбен сезіндік. Режиссурасына, әртістердің кәсіби шеберлігіне тәнтіміз», – деп ақтарылды Бейімбеттің қызы Рәзиядан туған жиені Дәметер Әбілқасымқызы. WhatsApp Image 2019-10-24 at 09.22.09
WhatsApp Image 2019-10-24 at 09.22.07Бейімбет Майлин атындағы қоғамдық қордың директоры Салтанат Мұстафина театр ұжымына зор алғысын білдірді. Жазушы ұрпақтары қойылымның режиссері Әлия Баймахан «Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталғанын айтып сүйіншіледі. WhatsApp Image 2019-10-24 at 09.22.08(1)Естеріңізге сала кетейік, театрымыз биылғы ХХ маусымды «Қаламгер» спектаклімен ашқан болатын. Қойылымның қоюшы-режиссері – Әлия Баймахан. Инсценировкасын жасаған – Нұрлан Садыр және Әлия Баймахан.
 
Суретті түсірген С.Камалов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓