Азық-түлік пен маска таратты
Әулиекөлдік шенеуніктер мен еріктілер тобы халықты қазіргі қиын жағдайда коронавирус індетімен бірлесіп күресуге шақыруда. Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары Аят Сүлекеев пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмас Жылыспаев және Жастар ресурстық орталығының волонтерлері аудан тұрғындарының осал топтарына барып, азық- түлік пакеттері мен маскалар таратты.
-Бүгінгі жағдай бүкіл еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Ал, мұндай жағдайда бұл дертпен бүкіл адамзат болып бірлесіп күресуіміз қажет. Қазір ауданымыздағы мектептердің ұжымы да ерікті ретінде маскалар тігіп, өздерінің көмек-қолдарын созуда. Бұл әрине, осындай дүниелердің бағасын көтеріп, қымбатқа сатып жатқан кейбір алыпсатарларға үлгі дер едім. Сондықтан, осындай жәрдемдерін тигізіп жатқан ерікті жандарға мың алғыс,- дейді А.Жылыспаев.
.